Қылмыс әлемінің серкесі «Леха Маймыш» Абай облысында жерленді

14 қазанда Семейде қылмыстық ортада «Леха Маймыш», «Леха Семейский» деген лақап аттармен танымал 66 жастағы қазақстандық қылмыс әлемінің серкесі Айтқали Маймушев жерленді.

/t.me/rpudank

Алматы, NEGE. Айтқали Маймушевтің денесі 9 қазанда өзі жазасын өтеп жатқан қатаң режимдегі түзеу колониясында асылып тұрған күйінде табылған. 14 қазанда Айтқали Маймушевтің денесі жер қойнына тапсырылды. Жерлеу рәсімін оның туыстары мен достары ұйымдастырды.

Жерлеу рәсімі кезіндегі фотоларды Telegram каналдар жариялады. 

Фото: t.me/rpudank

«Леха Маймыш» 2023 жылдың желтоқсанынан бері түрмеде отырды. 2023 жылы 10 шілдеде Мәскеу қалалық соты оны есірткіні заңсыз сақтағаны үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айырған болатын. 2022 жылдың қаңтарында «Леха Маймыш» Мәскеудегі барлардың бірінде ұсталды. Жеке тінту кезінде одан метадон табылған.

Айтқали Маймушев – «Леха Маймыш», «Леха Семипалатинский», «Титаник».., лақап аттарымен танымал ТМД мен Қазақстан аумағындағы ең ықпалды авторитеттердің бірі. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды