Киевте қастандық жасалған журналист Айдос Садықов қайтыс болды

Қазақстандық оппозициянер, журналист  Айдос Садықов кеше түнде ауруханада қайтыс болды.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Бұл туралы оның жұбайы Наталья Садықова хабарлады.

«Айдос Садықов бүгін Киев уақытымен 3:00-де қайтыс болды. Менің сүйікті жарым, үш баламыздың әкесі, қазақтың біртуар перзенті. Айдос Қазақстан үшін жанын беріп, киллердің қолынан қаза тапты. Айдос он үш күн бойы жансақтау бөлімінде өмір үшін күресті, бірақ ғажайып болмады», – деп жазды Наталья Садықова.

18 маусымда белсенді Айдос Садықовқа Киевтегі үйінің жанында көлікте қастандық жасалды.

Қазақстанда Садықовтың өміріне қастандық жасады деген күдіктілердің бірі – Алтай Жақанбаев ұсталды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?