Кенішке құлап кеткен автобусты іздестіру жұмыстары уақытша тоқтады

«Майқайыңалтын» кенішінде тереңдігі 3 метр болатын шұңқыр пайда болды. Тау жыныстарын қопарған экскаватор шұғыл түрде жер бетіне шығарылды, деп жазды 24.kz.

egemen.kz

Алматы,NEGE.. Жоғары қауіптілікке байланысты кеніште құтқару-іздестіру жұмыстары уақытша тоқтатылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлаған.

Еске сала кетсек, қаңтардың 4-іне қараған түні «Майқайыңалтын» фабрикасының аумағында жер опырылып құтқарушылар мінген автобус құлап кеткен. Оның ішінде болған төрт адамның екеуі әлі табылмады.


Қазір оқып жатыр

Әл-фараби даңғылында жол апаты: Ішкі істер министрі тергеу барысын баяндады

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді

Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған