Кенші мерт болды

Оңтүстік Жезқазған кенішінің №45 шахтасының электр дәнекерлерушісі тау-кен-шахталық көлігінің астында қалып қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы, NEGE. Өндірістегі жазатайым оқиға 235 шахтадағы №1 штректе болған. Тергеу органдары аталған дерек бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп, тау-кен-шахталық көліктің жүргізушісі жолындағы жұмысшыны қалай байқамай қалғанын анықтау үстінде. Бұл шахта «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі. «Жазатайым оқиға салдарынан 1973 жылы туған электр дәнекерлеушісі ауыр жарақат алып, көз жұмды. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза болған қызметкердің туған-туыстарына көңіл айтады», – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады