«ҚДТ»ға қатысы бар дегендер қамаудан босамады
Алматы қаласындағы Алмалы аудандық соты жазда тұтқынға алынған Жазира Демеуова, Гүлзипа Жаукерова, Оксана Шевчукті және азаматтық белсенді Әнуар Әшірәлиевті қамаудан босатуға келісім бермеді.
Алматы, NEGE. Бұл азаматтардың қорғаушылары өз қорғауындағылардың жасөспірім балалары барын, түсіністікпен қарауға тұрарлық жағдайларын ескеруін алға тартып, соттан оларды үйқамаққа ауыстыруын сұраған еді. Ендігі жерде адвокаттар сотталушыларға түрмеде қорқытып-үркіту мен қысым жасалуы мүмкін деп қауіптеніп отыр.
Еске сала кетсек, сотталушылар осы жылдың 4-шілдесінде Қазақстанда тыйым салынған «ҚДТ» партиясына мүше ретінде тұтқындалған еді.