«Қазмырыш» зауыты аумағындағы өрт толығымен сөндірілді

Төтенше жағдайлар министрлігі Өскемендегі «Қазмырыш» зауыты аумағындағы өрт толығымен сөндірілгенін хабарлады.

instagram.com/oskemenlive

Астана, NEGE. Қазақстан ТЖМ Стратегиялық жоспарлау орталығының базасында жедел штаб құрылды.

Сағат 10:46-дағы жағдай бойынша, зауыт аумағында құрылымдарды бөлшектеу және зардап шеккендерді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, бүгін, 5 мамыр күні Өскеменде зауыт аумағында жарылыс болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, зауыт аумағында шаң ұстау құрылғысында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, оның соңы өрт пен нысанның ішінара опырылуына ұласқан.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі де, Төтенше жағдайлар министрлігі де жарылыс «Қазмырыш» зауыты аумағында болғанын растады. Әзірге ресми дерек бойынша, тоғыз адам зардап шеккен.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Байбек басқаратын компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты

Жапония Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты

Қазақстандағы шетелдік университеттер «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға міндеттеледі