USD
USD
USD

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: қанша адам ауруханаға жеткізілгені айтылды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі де, Төтенше жағдайлар министрлігі де жарылыс «Қазмырыш» зауыты аумағында болғанын растады.

.
Фото: ТЖМ

Астана, NEGE. Облыс басшысы Нұрымбет Сақтағанов оқиға орнында жедел штаб құрылғанын, жағдайды өз бақылауына алғанын мәлімдеді

Төтенше жағдайлар министрлігі зауыт аумағындағы өрт ауыздықталғанын хабарлады. Құтқарушылар өртті толық сөндіру үшін конструкцияларды бөлшектеу және өрт ошақтарына су құю жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Зардап шеккендерді іздестіру жұмыстары жалғасуда. Алдын ала мәлімет бойынша, төрт адам медициналық мекемеге жеткізілді», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Зауыт аумағындағы өртті сөндіруге жеке құрамнан 40 адам мен 10 техника жұмылдырылған. Өрт қанша аумақты шарпығаны әлі анықталуда.

Нұрымбет Сақтағанов
instagram.com/saktaganovnurymbet

Жедел қызметтердің мәлімдеуінше, жарылыстан кейін тоғыз адам медициналық көмекке жүгінген.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендердің екеуі ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген.

«Тағы бір адамға оқиға орнында реанимациялық шаралар көрсетілуде. Бір зардап шегуші кәсіпорын қызметкерлерінің күшімен медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиға орнында жедел жәрдемнің бес бригадасы жұмыс істеп жатыр. Қалған зардап шеккендердің жағдайы нақтылануда», – деп хабарлады жедел қызметтер.

Еске салсақ, бүгін, 5 мамыр күні Өскеменде зауыт аумағында жарылыс болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, зауыт аумағында шаң ұстау құрылғысында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, оның соңы өрт пен нысанның ішінара опырылуына ұласқан.

Қазір оқып жатыр

Қаңтар оқиғасынан кейін 4 жыл өтсе де қару-жарақ әлі табылып жатыр

қару-жарақ

«Қазмырыш» зауыты аумағындағы өрт толығымен сөндірілді

Өскемендегі жарылыс

Панда-бонд арзан ақша ма, әлде жасырын тәуекел ме?

панда

Өскеменде зауыт аумағында жарылыс болды

Өскемендегі жарылыс