4 октября 2021 г. 15:48

«Қазақтелекомның» интернеті ШҚО-ның шалғай ауылдарына да жетті

Фото:
«Қазақтелеком» қала мен ауыл арасындағы цифрлық шекараны біртіндеп азайтып келеді. Біз бұған дейін Қарағанды облысының 

Бүркітті ауылы тұрғындарының өмірін интернет қалай өзгерткенін жазғанбыз. Бұл жолғы бағыт – Шығыс Қазақстан облысының Мұздыбай ауылы.

Мұздыбай ауылына сапалы интернет өткен жылдың соңында келді. Бір жылда диджитализациядан ауылда не өзгергенін мұздыбайлықтардың өздері айтып береді.

Мұздыбай ауылы Семей қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан. Ауылда мектеп жоқ, оқушылар көрші Приречное ауылына барып оқиды. Мұздыбайда жиырмадан астам оқушы бар. Олар пандемия кезінде біраз қиындық көрді. Ауылда жылдам интернет болмаған. Тіпті кейбір жерде мобильді байланыс та ұстамайтын. Мәселенің шешімін телеком-оператор өткен жылы тапты: тұрғындарға сымсыз интернет жеткізу үшін Wi-Fi радиомост салып, жұртшылық онлайн-қызметтерге қосылды.

«Цифрлық көпір» салынғалы да жылға жуықтады. ШҚО-ға сапар барысында «Қазақтелеком» АҚ-ның ақпараттық технологиялар бойынша директоры Марат Әбділдәбеков ауыл тұрғындарымен кездесіп, жылдам интернет келгелі өмірлері қалай өзгергенін өзі бағамдап білді.

«Қатаң шектеулер кезінде «Қазақтелеком» интернетінің арқасында еліміздегі көптеген ауылдың оқушылары мектеп бағдарламасынан қалмай, үйден оқуға мүмкіндік алды. Өткен жылы компания ауқымды жұмыс атқарды. Шығыс Қазақстан облысында ауылдық жерлерде талшықты-оптикалық байланыс жүйесін тарту жобасы бойынша желіге 300-ден астам мемлекеттік мекеме қосылды, оның 96-сы – аймақтағы ауыл мектептері. Ең түпкірдегі ауылдарға да интернет жетті. Бүгін біз Мұздыбайда өмір қалай өзгергеніне көз жеткіземіз», – деді Марат Әбділдәбеков.

Мұздыбай ауылына жүйрік интернет ауылдық жерлерге талшықты-оптикалық байланыс желісін тартуға бағытталған ауқымды жобаның арқасында мүмкін болды. Жобаны іске асыру барысында компания өткен жылы облыстың барлық аудандарында 1800 шақырым талшықты-оптикалық желі тартты. Тіпті ұялы байланыс болмаған жерде де интернет пайда болды. Сымсыз интернетке ШҚО-ның 16 ауданынан 91 ауылдың тұрғындары қол жеткізді.Осы оптиканың базасында «радиокөпір» технологиясы бойынша Мұздыбайлық тұрғындарға интернет берілді.

Wi-Fi сигналдарының көмегімен радиокөпір орнату технологиясы тіпті оптика төсеуге шығыны шаш етектен әрі техникалық тұрғыдан мүмкіндік жоқ жерлерге де тұрақты байланыс жеткізді.

«Радиокөпір» технологиясы ауыл тұрғындары үшін олжа болды. Бұл технологияны инсталяция жасау үшін ТОБЖ қосу нүктесіне таратқыш құрылғы қосылып, сигналды әр үйде тұрған модемге жеткізеді. Бұл технология жылдамдығы 20 Мбит/с трафик бойынша шектеусіз интернет таратады. Жүйрік интернет келгелі бері Мұздыбай тұрғындары телекоммуникациялық қызмет түрлерінің бәріне қол жеткізді», – дейді «Қазақтелеком» АҚ Шығыс ӨТД бас директоры Ермек Қуанышбеков.    

Қазір Мұздыбайда 300-ге жуық адам тұрады, оның 25-тен астамы «Қазақтелеком» АҚ-ның интернетін пайдаланады. Ауыл тұрғыны Виктория Құрманғалиева – солардың бірі. Виктория мен оның күйеуі Саят – осы ауылдың тумалары. Олар ауыл шаруашылығымен айналысады. Биыл қыздары Диляра 3-сыныпқа барды.

«Өткен жылы қашықтан оқығанда бізге өте қиын болды. Сигналды ұстау үшін ауылдың түпкір-түпкірін аралап, босып кеттік. Үй тапсырмасын орындау Диляра үшін уайым еді. Тапсырманы кері жібере алмайды. Қызым үшін «Қазақтелекомның» интернетін қостым, алда-жалда тағы қашықтан оқи қалса, қиналмасын дедім. Интернеттің жылдамдығына көңіліміз толады. Кешқұрым бәріміз гаджет ұстап отырамыз», – деп Виктория Құрманғалиева қуанышымен бөлісті.

Диляра жақсы оқиды, сурет салады, дәрігер болғысы келеді. Үйге интернет қосылғалы бері әлеуметтік желілердегі түрлі вайндарды көреді. Оның сүйікті блогерлері – Аминка Витаминка мен Рамина Алмас.

«Қазақтелеком» Диляраға тосын сый жасады, кумирі Аминка Витаминка оған тікелей эфир арқылы сәлем жолдап, жақсы оқуы керектігін айтты.

«Мұндай сыйлықтарыңыз үшін зор рахмет! Маған қатты ұнады!», – деген Диляра жақсы оқуға уәде берді.

Интернет келгелі бері ауылдағы бизнес-процестер де дами бастады. Ауылдың мақтанышы «Мұздыбай-1» – ШҚО-дағы ірі шаруа қожалықтарының бірі. Шаруа қожалығының жетекшісі Талғат Баймұрынов «Қазақтелекомның» интернеті арқасында жұмыс барысының бірқатарын цифрландыруға мүмкіндік алған.

«Қатаң карантин кезінде бәрімізге қиын болды. Қашықтан жүмыс істеу мүмкін болмады, өйткені интернет жоқ еді. Ауылда радиокөпір салған сәттен шаруа қожалығына интернет қосуға өтініш бердім. «Мұздыбай-1» кеңсесінде «нүкте-нүкте» технологиясы бойынша жұмыс істейтін тағы бір радиокөпір пайда болды. Интернеттің жылдамдығы мемлекеттік порталдарда жұмыс істеуге, салық есебін уақтылы жіберуге мүмкіндік береді. «Цифрлы көпір» жасалғанға дейін Семейге сабылатынбыз. Көп уақытымыз жолға кететін. Қазір бар шаруаны жүйрік интернетпен кеңседе отырып-ақ бітіріп отырмыз», – дейді Талғат Баймұрынов.

Интернет келгенге дейін Мұздыбай ауылында телефон байланысы ғана болған. Ауыл халқы сыртқы әлеммен байланыссыз өмір сүріп жатты. Ал қазір әлемдік ғаламтордың құдыретін түсінді.

Радиомосттар салу «цифрлық шекараны» жоюға ұйытқы болып отыр. Компанияның жоспарында ШҚО мен Павлодар облысында желіні дамыту жұмысы тұр. Бұған «Ауылдағы цифрлық әріптес» жобасы көмектеседі. Қызмет көрсететін шағын компаниялармен әріптестік орнату арқылы жылдам интернет әр үйге жеткізілмек.

Тегтер: