Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген Екатерина Бивол Ресейде жазаға тартылды

Әлеуметтік желіде қырғыздар мен қазақтардың намысына тиетін мәлімдеме жасаған Екатерина Биволға Ресейде сот қаулысы шықты.

әлеуметтік желіден

Астана, NEGE. Бұл туралы Санкт-Петербург соттарының баспасөз қызметі хабарлады.

«Санкт-Петербургтің Ленин аудандық соты Екатерина Биволды Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 20.3.1 бабы (Өшпенділік немесе араздық тудыру, сондай-ақ адамның қадір-қасиетін қорлау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты», – делінген соттың Telegram-дағы арнасында. 

Сот оған 60 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту туралы жаза тағайындаған.

Айта кетейік, қазан айында Екатерина Бивол әлеуметтік желіде видеоролик жариялап, қырғыздар мен қазақтарға тіл тигізген. Лингвистикалық сараптама мұны растады. Сарапшылар Биволдың мәлімдемесінде балағат сөздер мен әдепсіз сөздер болғанын, бір топтың екінші бір топтан «генетикалық белгісі» бойынша үстем екені туралы тұжырым сипатында айтылғанын атап өтті.

Оның үстінен Қырғызстан мен Қазақстанда қылмыстық істер қозғалды. Қазақстан ІІМ басшысының орынбасары 2025 жылғы 13 қарашада республика оның экстрадициясын талап ететінін мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 87,15 пайызы жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді

Рахат Тұрлыхановтың әйелін соққыға жықты деген күдікпен ұсталғаны жайында ақпарат тарады

Полицейлер «Қайрат» пен «Ақтөбе» жанкүйерлеріне ескерту жасады

Оскар–2026: марапат иегерлері анықталды