Қазақстанның алты өңірінде ауа райы құбылады
Еліміздің алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын Қазгидромет орталығы хабарлады.
Алматы, NEGE. 22 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, Петропавлда да күн райы тұманды болмақ.
Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан асуы ықтимал. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде қар жауады. Бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып кей жерлерде 15-20, ал Жарма ауданында екпіні 25 м/с.
Өскемен қаласында 22 ақпанда күндіз қар жауады, бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15 м/с жетеді. Семей қаласында да осы күні күндіз қар жауып, бұрқасындатады, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15 м/с.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі деп болжалуда. Оралға тұман түседі.
Қызылорда облысының басым бөлігінде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсуі мүмкін. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Бұл күні Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.