Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің қайда жерленетіні белгілі болды

Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауин 85 жасына қараған шағында дүниеден өтті. 

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Мұхтар Мағауиннің жаназасы 11 қаңтар күні АҚШ-тың Мэриленд штатында жергілікті уақытпен 10:00–де түріктің Diyanet Center of America мешітінде өтеді және сол штаттың зиратына жерленетіні белгілі болды. 

Бұл туралы IT маман Тимур Бектұр хабарлады. 

«АҚШ-та жүргендер болса, рәсімдері осындай, қаңтардың 9-ы бейсенбі ақшамда дүние салған Мұхтар Мағауиннің жаназасы ертең, яғни қаңтардың 11-і сенбі күні сағат 10:00-де түріктің Diyanet Center of America мешітінде оқылады. Қонақасы да сол орында 13:00-де беріледі. Жерлеу рәсімі 11:00-де Parklawn Memorial зиратында өтеді», - деп жазды ол. 

Сонымен қатар президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтты.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда Ташиевке төңкеріс жасауға әрекеттену ісі бойынша айып тағылды

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?