USD
USD
USD

Президент Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Көңіл айту
Фото: ғаламтордан

Астана, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтты.

– Мұхтар Мұқанұлы ғибратты ғұмырын киелі сөз өнеріне арнаған, ұлттық әдебиетіміз бен тарихымыздың көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосқан заңғар тұлға еді. Төл руханиятымыздың төрге озуына, ұлт тарихнамасының тасқа басылуына өзінің алға қойған асыл мұратымен, қайтпас қажыр-қайратымен қалтқысыз еңбек сіңірді. Халық жазушысының қуатты қаламынан туған шығармалары, тарихи еңбектері, естелік-эсселері қалың оқырманның жүрегінен өз орнын тапты. Соңына бай әдеби мұра қалдырып, өнегелі өмір сүрген Мұхтар Мұқанұлының қайталанбас есімі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – делінген жеделхатта.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандағы жалғыз арнайы психиатриялық аурухана тексеріледі

Денсаулық

Қытайға белшеден қарыз. Полипропилен НЕГЕ өзін ақтамай жатыр?

.

Оралда садақ атудан Қазақстан чемпионаты өтті

Садақ ату

Алматыда зейнеткерді алаяқтардан құтқарған курьер марапатталды

Курьер красавчик