Қазақстандықтар Тайландқа 30 күнге визасыз бара алады

18 сәуірде Таиландтың министрлер кабинеті қазақстандық туристер үшін визаны біржола алып тастауды мақұлдады. 

pixabay.com

Алматы, NEGE. Екі ел азаматтары 30 күнге виза алудан босатылады. Осы жеңілдікті алты ай ішінде үш рет пайдалануға болады. Бірақ визасыз жүру мерзімі күнтізбелік 90 күннен аспауы шарт. Осылайша 30 күн өткен сайын елден шығып, визасыз қайта кіруге болады.

Егер адамдар екінші тарап мемлекетінің аумағында күнтізбелік отыз (30) күннен артық уақытқа қалуға ниет білдірсе, сол тарап мемлекетінің заңнамасы мен қағидасына сәйкес тиісті виза алуы қажет. 

Таиландтың Туризм басқармасының мәліметінше, былтыр Таиландқа 172 мың қазақстандық барған.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты