Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионатында екі медаль алды

Қазақстан құрамасы Вьетнамда өтіп жатқан академиялық есу бойынша Азия чемпионатында күміс пен қола медаль иеленді. 

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Алматы, NEGE. Хайфон қаласында өтіп жатқан чемпионатта Қазақстан әйелдер командасы жеңіл салмақта 2000 метр қашықтықта екінші орынды иеленді.

Күміске қол жеткізген құрам: Роза Кенес, Мария Чернец, Екатерина Носкова, Ирина Чудина.

Ерлер арасындағы жеңіл салмақтағы 2000 метрлік жарыста Артем Матусевич үздік үштікке кіріп, Қазақстан қоржынына қола медаль салды.

Хайфондағы жарысқа Азияның 18 елінен 232 спортшы қатысып жатыр. 19 қазанда өтетін финалдық кезеңде тағы бірнеше қазақстандық ескекші бақ сынайды.

Былтыр Самарқандта өткен құрлық чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 күміс және 7 қола медаль жеңіп алып, командалық есепте 7-орынға тұрақтаған еді.

Қазір оқып жатыр

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті