2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Қазақстан U20 әлем чемпионатында төрт медаль жеңіп алды

Болгарияның Самоков қаласында өткен грек-рим күресінен жастар арасындағы (U20) әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы төрт медальға қол жеткізді, деп хабарлайды ҰОК.

ҰОК

Алматы, NEGE. Жарыстың соңғы күнінде екі қазақстандық балуан бозкілемге шықты. 87 келіге дейінгі салмақта Темірлан Турдақын қола үшін өткен белдесуде әзербайжандық Орхан Гаджиевті жеңді. 63 келіде Дамир Ибрашов та қолаға таласты, алайда ресейлік Игорь Пунченкоға жол берді.

Осылайша Қазақстан құрамасы жарысты төрт жүлдемен аяқтады: Диас Сейткалиев (82 кг) — күміс жүлде иегері; Арсен Жұма (55 кг), Юсуф Ашрапов (72 кг) және Темірлан Турдақын (87 кг) — қола жүлдегерлер.