Қазақстанда жемқорларға сайлауға қатысуға тыйым салынуы мүмкін

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның кезекті отырысында сенатор Нұрлан Бекназаров Конституцияда Қазақстан азаматтарының сайлауға қатысу және сайлану құқығына қатысты норма нақтыланғанын мәлімдеді.

freepik.com

Астана, NEGE. Сенатор атап өткен ұсынысқа сәйкес, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы Қазақстан азаматтарының сайлауға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ. 

Бұған қоса жемқорлық қылмысын жасағандарды сайлауға түсу мүмкіндігінен айыру жөнінде ұсыныс қаралып жатқаны мәлім болды.

«Сонымен қатар сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі сотта белгіленген тәртіппен танылған азаматтардың сайлануға құқығы болмайды», – дейді Нұрлан Бекназаров. 

Оның айтуынша, бұл «жаңашыл нормадағы ерекше назар аударатын түзету қазіргі таңда қоғамда өте жағымсыз сипат алған сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылық әрекеттеріне қатысты талаптардың қатаңдатылуы» болып отыр.

Бұған қоса Контитуциялық кеңес отырысында Президент қандай жағдайда Құрылтайды тарата алатындығы айтылды.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты