Қазақстанда салынатын екінші АЭС-тің қалай аталатыны белгілі болды

Қазақстанда салынатын екінші АЭС «Мойынқұм» деп аталуы мүмкін.

freepik.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Ақорда кулуарында Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, екінші атом электр станциясы да Балқаш аумағына орналастырылмақ, бірақ нақты қай жерге салынатыны әлі белгісіз, әзірге үш учаске қарастырылып жатыр.

Сондай-ақ, Сәтқалиевтің мәлімдеуінше, бұл жобаның жұмыс атауын әзірге «Мойынқұм» атом электр станциясы деп алынған.

«Екінші станция да, біріншісі сияқты, қуаты әрқайсысы 1200 МВт болатын екі энергоблок форматында салынбақ. Қазір біз әлеуетті вендорды анықтау бойынша серіктестерімізбен келіссөздер жүргізіп жатырмыз», – деп атап өтті агенттік төрағасы.

Айта кетейік, Қазақстандағы алғашқы АЭС «Балқаш» атом электр станциясы» деп аталатын болды. АЭС атауы бойынша ұйымдастырылған конкурста осы атау жеңімпаз атанды. Бұл атауды 882 азамат ұсынған.

Қазір оқып жатыр

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін

«Шетелдіктер қарумен ұсталды»: полиция депутаттың мәлімдемесін теріске шығарды

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты