USD
USD
USD

Қазақстанда салынатын алғашқы АЭС-тің атауы белгілі болды

Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің атауы белгілі болды. Бұл туралы атом энергиясы жөніндегі агенттік мәлімдеді.

Қазақстан
Фото: ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттік

Астана, NEGE. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысының нәтижесі бойынша азаматтардан ең көп ұсынылған «Балқаш» атом электр станциясы» атауы жеңімпаз деп танылды.

Конкурс 2025 жылдың 25 қыркүйегі мен 10 қазаны аралығында eGov Mobile платформасында өтті. Оған 27 157 Қазақстан азаматы қатысқан. Әр қатысушы бір ғана атау ұсына алды.

Түскен барлық өтінімдерден 10 460 бірегей нұсқа анықталды. Өңдеу барысында кириллица, латын әрпі және мағыналас сөздер сияқты жазудың түрлі формалары да ескерілді, – деп мәлімдеді агенттік.

Конкурс комиссиясының отырысында ең танымал 100 атау қаралды. Оның ішінде «Балқаш» атом электр станциясы» атауын 882 азамат ұсынып, танымалдығы бойынша қорытынды рейтингте бірінші орын алып, конкурс жеңімпазы атанды.

Сонымен бірге Конкурс комиссиясы нысанның орыс және ағылшын тілдеріндегі атауларын анықтады: Атомная электростанция «Балхаш» және Balkhash Nuclear Power Plant. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан