Қазақстанда мектеп формасы жалпы инфляциядан 1,5 есе жылдам қымбаттаған

Қазақстанда жаңа мектеп формасының бағасы бір жылда 15-17%-ға өскен, ал елдегі жылдық жалпы инфляция шілде айында 10,2% болды.

inbusiness.kz

Астана, NEGE. Мұндай деректі Telegram-дағы PROTENGE арнасы келтіреді.

Арнаның OLX Қазақстан деректеріне сүйеніп жазуынша, 2026 жылғы шілдеде бастауыш немесе орта сынып оқушысына арналған жаңа мектеп формасы жиынтығы бренд пен жиынтық құрамына қарай орта есеппен 18-30 мың теңгеден сатылған. Ал екінші нарықтан осындай жиынтықты 6-12 мың теңгеге табуға болады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жыл ішінде азық-түлікке жатпайтын тауарлар 11,7%-ға қымбаттаған. Ал мектеп формасының қымбаттау қарқыны азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуінен де жоғары болған. Демек биыл мектеп формасының бағасы азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы мен жалпы инфляция деңгейіне қарағанда жылдамырақ өсіп отыр.