Қазақстанда кейбір дәрілерді пайдалануға тыйым салынды

Үкімет қаулысы бойынша, бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізбесіне өзгерістер енгізілді.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Құжатқа сәйкес, медициналық мақсатта қолдануға тыйым салынған есірткі заттары бөліміне пара-флуорофентанил (пара-фторфентанил), брофин және метонитазин қосылды.

Фентанил – синтетикалық күшті анальгетик. Көбінесе ол анестезиологияда, фельдшерлік медицинада және апаттар медицинасында қолданылады. Препарат тәуелділікті және тіпті физикалық тәуелділікті тудырады.

Брорфин халық арасында «күлгін героин» деп аталады. Бұл пиперидин негізіндегі опиоидты анальгетик. Егер жиі пайдаланылса, ол да тәуелділікті тудырады.

Метонитазен – күшті синтетикалық опиоидтарға жатады. Ол героин мен фентанилге ұқсас әсер етеді.

Фенциклидин – көктамырға салынатын анестезияға арналған синтетикалық фармакологиялық препарат. Көптеген елде есірткі ретінде танылған синтетикалық галлюциноген.

Эутилон – синтетикалық психостимуляторлық зат. Биыл қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) оны ЕАЭО елдерінде әкелу және қолдану үшін бақыланатын тізімге енгізді.

Қаулы 2024 жылғы 6 ақпанда күшіне енеді.

Қазір оқып жатыр

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысы аяқталды

Қазақстандық футбол ардагерлері Давид Лорияны қолдап, федерацияға хат жазды

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды