Қазақстанда 68 млн дәрілік зат таңбаланды

Биыл 1 шілдеден бастап дәрі-дәрмектерді таңбалау процесі іске қосылды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Денсаулық сақтау саласында 68 млн астам дәрі-дәрмек таңбаланды, оның 39 млн астамы импорттық, 29 млн астамы отандық өнім.

«Таңбаланған дәрі-дәрмектің 28 млн-ы нарыққа кіріп, дәріханаларда, медициналық ұйымдарда беріліп жатыр. Осы бағыттағы жұмыс жалғасады. Бүгінгі таңда 3100 астам дәріхана және 1800 жуық медициналық ұйым цифрлық интеграциядан өтіп, таңбалау арқылы қызмет көрсетуде», - деді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов ОКҚ алаңында.

Қазір оқып жатыр

Талғарда екі кішкентай қыздың әкесі жас жігіттің қолынан қаза тапты

Қайрат Сатыбалды ұзақ уақыттан кейін алғаш рет ел алдына шықты

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген