Қазақстан мен Өзбекстан шекараны демаркациялаудың қорытынды құжат жобасын әзірледі
2022 жылы 14-19 қараша кезеңінде Ташкент қаласында Бірлескен Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы үкіметтік делегацияларының 100-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы, NEGE. «Тараптар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарттың жобасын және аталған шартқа қосымша болып табылатын шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын қол қоюға дайындады», - делінген ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен қатар тараптар Бірлескен Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясының жұмысы туралы қорытынды хаттамаға қол қойды.
Келіссөздер достық пен өзара түсіністік сипатында өтті.