USD
USD
USD

Түркия жағалауында қауіпті Vibrio бактериялары анықталды

Бұл туралы 21 шілдеде Milliyet басылымы хабарлады. Ыстамбұлдағы Florence Nightingale клиникасының дәрігерлері туристерге ескерту жасады.

Жағажай
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Мармара, Эгей және Жерорта теңіздерінің жылы тұзды суларынан ғалымдар Vibrio тұқымдасына жататын бактериялардың іздерін тапты. Олардың қатарында V. parahaemolyticus пен V. vulnificus, сондай-ақ тырысқақ қоздырғышы Vibrio cholerae-мен туыстас түрлер де бар. Аталмыш бактериялардың пайда болуы су температурасының көтерілуімен, яғни жаһандық жылынудың әсерімен байланысты.

«Олар лас теңіз суы арқылы адам ағзасына, әсіресе асқазан-ішек жолына түсуі мүмкін», – делінген басылымда жарияланған ақпаратта. 

Сонымен қатар мамандар ашық жарасы бар адамдарға теңізге түспеуді ұсынады. V. vulnificus ашық жараға түскен жағдайда, теріге аса қауіпті жұқпалы ауруларды тудырады. 

Қазір оқып жатыр

Алматы тау кластері: Қазақстан туризмінің болашағы қандай?

 Kazakh Tourism Development

Тоқаев Жеңіс Қасымбекті тағы да мақтады

.

Пойыз билеттері 30%-ға дейін арзандайды

Жолаушылар пойызы

«Бай-бағландар да, биліктегілер де келеді»: уролог ерлерге арналған операциялар туралы айтты

Decaf