Қазақстан Украинамен Каспий құбыры консорциумына жасалған дрон шабуылына қатысты мәселені талқылайды

2025 жылдың 19 ақпанында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) мұнай тасымалдау нысанына дрон шабуылына қатысты түсініктеме берді.

Sputnik / Болат Шайхинов

Алматы, NEGE. Сыртқы істер министрлігі жағдайдың украиналық серіктестермен талқыланатынын атап өтті.

«Қазақстан экономикасы үшін өте маңызды мәселе және біз әрине бұл жағдайды украиналық серіктестерімізбен дипломатиялық арналар арқылы талқылайтын боламыз», – Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Естеріңізге сала кетейік, 17 ақпанда Каспий құбыр консорциумының «Кропоткинская» мұнай айдау стансасына дронмен шабуыл жасалды.

Қазір оқып жатыр

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті