Қазақстан теміржол инфрақұрылымын қарқынды дамытып жатыр
Қазақстанда елдің көлік-логистика әлеуетін дамытуға арналған ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр.
Алматы, NEGE. Бүгінде осы бастамаларды жүзеге асыру жұмыстары қарқынды түрде жүруде. Теміржол саласында ұзындығы 1,3 мың шақырымнан астам 4 жоба жүзеге асырылып жатыр: «Достық – Мойынты», Алматы айналма жолы, «Дарбаза – Мақтаарал» және «Бақты – Аягөз».
Биыл Алматы айналма жолы мен «Достық – Мойынты» учаскесінің екінші жолдары аяқталады, бұл жүк тасымалы көлемін бес есеге арттыруға мүмкіндік береді. «Транс-Қазақстан теміржол дәлізі» ауқымды жобасы іске қосылды: «Мойынты – Қызылжар» учаскесін (366 шақырым) салу және 1,6 мың шақырым жолды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Алдағы 5 жылда 16 мың шақырым жол салу және жөндеу жоспарлануда.
«Сондай-ақ 125 вокзал жаңғыртылуда. Ғимараттардың қасбеттерді, инженерлік желілері, залдарды, платформалары жаңартылуда, мобильділігі төмен азаматтар үшін қауіпсіздік жүйелері мен ыңғайлы жағдайлар жасалуда. Биыл жолаушылар вагондарының паркі 175 бірлікке толықтырылады, оның ішінде Stadler компаниясының 51 вагоны бар»,
— деп атап өтті Мақсат Қалиақпаров.