12 сентября 2025 г. 17:18

«Қазақстан тарихының» екінші томын әзірлеуге қатысты редакция алқасының кезекті отырысы өтті

Фото: facebook

Бүгін редакция алқасының кезекті отырысында Қазақстан тарихының екінші томының қолжазбасын басып шығаруға әзірлеу үшін бекіттік, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин. 

Алматы, NEGE. Сондай-ақ  жиын барысында Алтын Орда дәуіріне арналған үшінші томның мазмұны талқыланды. Авторлар ұжымының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы Айболат Көшкімбаев баяндама жасады. Академик Зиябек Қабылдиновтің, тарих ғылымдарының докторлары Бүркітбай Аяған мен Берекет Кәрібаевтің рецензиялары тыңдалды. Сондай-ақ Мұрат Әбдіров, Галина Ксенжик, Радик Темірғалиев, Кенжехан Матыжанов, Дихан Қамзабекұлы, Айдос Сарым, Ханкелді Әбжанов, Мәмбет Қойгелдиев, Меруерт Әбусейітова, Айгүл Сәдуақасова, Болат Көмеков, Ақан Оңғар, Жақсылық Сәбитов секілді редакция алқасының өзге мүшелері де өз ойын ортаға салды.

Фото: facebook

Жиын соңында редакциялық алқа үшінші томды жетілдіру жұмысын жалғастыру туралы және келесі отырыста «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты академиялық басылымның төртінші томын қарастыру жөнінде шешім қабылдады.