Қазақстан Таиландпен визасыз режим туралы келісімді бекітті

Үкімет қаулысы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді.

Pixabay

Алматы, NEGE. «2024 жылғы 23 сәуірде Бангкокта жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім бекітілсін», – делінген құжатта.

Құжатқа сәйкес, бір тарап мемлекет азаматтары, қолданылу мерзімі кемінде 6 айдан кем болмауға тиіс жарамды жол жүру құжаттарының иелері, екінші тарап мемлекетінің аумағына келу, одан кету, транзитпен өту, онда уақытша болу үшін келген күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын, күнтізбелік 180 күндік әр кезең ішінде жиынтығы күнтізбелік 90 күн болатын кезеңге визалық талаптардан босатылады.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған