Қазақстан таеквондодан клубтар арасындағы чемпионатта 7 медаль алды

Қытайдың Уси қаласында таеквондодан клубтар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Аталмыш жарыста Қазақстан құрамасы жеті медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға ие болды.

Турнирде алтын жүлдені Мария Севостьянова (57 келіге дейін) мен Дамир Шуленов (68 келіге дейін) жеңіп алды.

Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары) күміс медаль иеленді.

Қола медальға Нодира Ахмедова (49 келіге дейін), Тамирлан Тлеулес (58 келіге дейін), Алтаир Өмірбеков (74 келіге дейін) және Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) қол жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстаннан шыққан жас актриса Голливудты бағындыруда

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді