Қазақстан шекарасынан Ресейге ұшақ алып өтпек болған адам анықталды

Павлодар облысының шекарасында жүк көлігіне АН-2Т ұшағын салып алып, Ресейге заңсыз өткізбек болған адам анықталды, деп жазды kazinform.kz.

Мемлекеттік кірістер департаменті

Алматы, NEGE. Анықталғандай, ер адамда ұшақтың құжаттары жоқ болып шықты.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері ұшақ иесінің оны «Амангелді» бақылау-өткізу бекеті арқылы өткізгісі келгенін хабарлады. Ұшақты жүк көлігіне тиеп алған.

- Ұшақтың салмағы - 3 тонна 600 келі. Ер адам оны аукционнан өзі үшін сатып алған. Бірақ оның арнаулы құжаттары болмаған, - деп хабарлады мемлекеттік кірістер департаментінен.

Ұшақтың бағасы 1,8 млн рубльді құрайды. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әуе кемесінің иесіне 55 мың теңге айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?