Қазақстан садақ атудан әлем чемпионатында алтыншы орын алды

Қазақстандық садақшылар Кванджуда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік ондыққа енді.

ҰОК

Алматы, NEGE. Отандастарымыз блоктық садақ атудан аралас командалар арасындағы жарыста жоғары нәтиже көрсетті.

Роксана Юнусова мен Андрей Тютюн ширек финалға дейін жетіп, бұл кезеңде Нидерланд құрамасынан 153:155 есебімен жеңіліп қалды.

Нәтижесінде Қазақстан командасы жалпы есепте алтыншы орынға тұрақтады.

Айта кетейік, әзірге ұлттық құраманың еншісінде бір ғана медаль бар. Әйелдер құрамасы блоктық садақ атудан қола медаль жеңіп алды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев ақын Мұхтар Шахановтың туыстарына көңіл айтты

ҰҚК Жамбыл облысындағы шенеуніктің тергеуге алынғанын растады

Қазақы тазы мен төбет күні: Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

Яна Легкодимованың өлімі үшін сотталғандар «Қара бүркітке» жеткізілді