Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті

Қазақстан Энергетика министрлігі 2026 жылғы мамыр айында «Дружба» мұнай құбыры арқылы Германияға, нақтырақ айтқанда «Шведт» мұнай өңдеу зауытына бағытталған мұнай транзитінің кестесі өзгергенін хабарлады.

TASS

Астана, NEGE. Осыған байланысты экспортқа жоспарланған 260 мың тонна мұнай көлемі қайта бөлінеді. Енді шикізат баламалы бағыттармен жеткізіледі: 100 мың тоннасы Усть-Луга порты арқылы, ал 160 мың тоннасы Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы жөнелтіледі.

Ведомство мәліметінше, тасымалдау бағыттарын өзгерту жүк жөнелтушілермен келісілген және өндірістік қажеттілікке байланысты қабылданған. Бұл өзгерістер мұнай өндірудің жылдық жоспарының орындалуына әсер етпейді.

Министрлік қолданыстағы көлік инфрақұрылымы экспорттың тұрақтылығын сақтап, мұнайды әлемдік нарыққа үздіксіз жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бұған дейін Қазақстан мұнайының Германияға «Дружба» мұнай құбыры арқылы транзиті 2026 жылдың мамыр айында толықтай тоқтатылатыны хабарланған еді. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, Ресей тарабы Астанаға бейресми түрде мұнай айдауға «техникалық мүмкіндік жоқ» екенін айтқан. Оның пайымдауынша, бұған Ресейдің энергетикалық инфрақұрылымына жасалған соңғы соққылар себеп болуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

Қазақстандықтардың 86 пайызы өзін діндар деп санайды