USD
USD
USD

️Ресей Қазақстан мұнайын Германияға тасымалдауды тоқтатады: министр мән-жайды түсіндірді

Қазақстан мұнайының Германияға «Дружба» мұнай құбыры арқылы транзиті 2026 жылдың мамыр айында толықтай тоқтатылады.

Мұнай
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, Ресей тарабы Астанаға бейресми түрде мұнай айдауға «техникалық мүмкіндік жоқ» екенін хабарлаған. Оның пайымдауынша, бұған Ресейдің энергетикалық инфрақұрылымына жасалған соңғы соққылар себеп болуы мүмкін.

«Бейресми дереккөздер арқылы бұл ақпараттың рас екенін білеміз. Мамыр айына Атырау –Самара бағыты арқылы, әрі қарай "Дружба" құбырымен Шведт зауытына баратын транзит көлемі нөлге тең. Ресей тарапы бейресми түрде қазақстандық мұнайды айдауға техникалық мүмкіндігі жоқ екенін айтып отыр. Бұл Ресей инфрақұрылымына жасалған соңғы соққыларға байланысты деп ойлаймын», – деді министр.

Ерлан Ақкенженов Ресейдің 2026 жылдың екінші тоқсанына арналған индикативті жоспары қазақстандық транзит бойынша «нөлді» көрсетіп тұрғанын айтты. Бұл Германиядағы Шведт мұнай өңдеу зауыты үшін үлкен соққы болмақ, себебі ол Қазақстаннан жеткізілетін шикізатқа 20-30%-ға тәуелді.

Өткен жылы Қазақстан осы бағыт арқылы 2,1 млн тонна мұнай экспорттаған, ал биыл бұл көлемді 3 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланған еді. Соған қарамастан, Энергетика министрлігі өндіріс көлемі азаймайтынын мәлімдеді – бос қалған мұнай Каспий құбыр консорциумы арқылы қайта таратылады, сондай-ақ Қытайға жөнелтіледі.

Еске салсақ, бұған дейін Reuters агенттігі 1 мамырдан бастап Ресей Қазақстаннан «Дружба» мұнай құбыры арқылы Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуды жоспарлап отырғанын жазған еді. Ресей тарабы Қазақстан мен Германияға түзету енгізілген мұнай экспорты кестесін жіберіп үлгерген. 

Қазір оқып жатыр

Мәслихат өз отырыстарын міндетті түрде онлайн көрсету керек

мәслихат

Коллекторлар миллиардтаған теңге бюджет қаражатын жасырып қалған

ақша

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»

Қасым-Жомарт Тоқаев

Әдеп сақтамаған депутат жиында сөз сөйлеу құқығынан уақытша айырылады

.