Қазақстан бокс федерациясы World Boxing ұйымына кіруге ресми өтініш берді

Қазақстан бокс федерациясы ұзақ талқылаулар мен сараптаманың нәтижесінде маңызды шешім қабылдады. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлайды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстан World Boxing ұйымының қатарына қосылу үшін ресми өтініш берді.

Бұл шешім бірінші кезекте отандық боксшылардың Олимпиадалық болашағымен тікелей байланысты.

«Қазір бокстың Олимпиада бағдарламасында қалу мәселесі ХОК деңгейінде талқыланып жатыр. Боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында сақтап қалу мақсатында барлық елдермен ортақ жұмыс жасауға дайынбыз.

Бұл шешім боксты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді деп санаймыз.

World Boxing Олимпиадалық Комиссиясының төрағасы, Ұлттық Олимпиадалық Комитет президенті Геннадий Головкинмен кездесу барысында Отандық бокстың даму жолдарын талқыладық» - федерация басшысы Шахмұрат Мүтәліп.

World Boxing – Халықаралық бокс федерациясы. Бұл ұйым 2023 жылдың сәуір айында құрылған. Қазіргі уақытта оның құрамына 44 елдің ұлттық федерациясы енген.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді