Қазақстан азаматы Пхукетте суға батып кетті

Қазақстан азаматы Пхукет аралында суға батып мерт болды. Бұл ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Пхукет жаңалықтары сайтының жазуына қарағанда, оқыс оқиға 31 шілде күні Карон жағажайында болған. Пхукетке ұшып келе салысымен бірден шомылмақ болған 57 жастағы Қазақстан азаматы суға батып кеткен.

«Оқиға жайлы хабарлама Карон полиция учаскесіне сағат 14-20-да жедел жәрдем орталығынан келіп түскен. Қазақстандық турист Евгений Сапогов (57 жаста) орналасқаннан кейін бірден қонақүй алдында теңізге батып кетті. Ер адам Пхукетке ұшып келгеннен кейін 60 күнге мөртаңба алған. Бірақ, бір күн қонбастан мерт болды», - деп жазады Пхукет жаңалықтары.

Қазір оқып жатыр

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті