Қазақша VS орысша. Балаңызды НЕГЕ орыс мектебіне бердіңіз?
Осыдан бес жылдай бұрын оқушылардың 85 пайызы қазақ сыныптарына барғаны туралы мәліметке қуанып едік. Сол кезде мемлекеттік тілге деген бетбұрыстың болғаны байқалған. Ал былтыр 3 млн-ға жуық оқушының 66 пайызы ғана қазақ сыныбында оқыса, жаңа оқу жылында 1-сыныпқа барған 387 мың баланың 65 пайызы ғана қазақ сыныбына барған.