«Қазақмыс» кен орындарын ресейлік компанияларға сатып жатыр ма?

Компания шетелдіктермен кен орындарын сату жөніндегі мәміле жасалғаны туралы қауесетті жоққа шығарды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазақмыстың ресми өкілі Арман Тілеукенов корпорация кен орындарын шетелдік инвесторларға сату бойынша келіссөз жүргізіп жатпағанын мәлімдеді.

«Қазақмыс» ресейлік компанияларға сатылып жатқан жоқ. Сондай-ақ сирек кездесетін металдарды елден шығарып жатқан жоқ. Жыл басынан бері компания нақты фактімен расталмаған,  дәлелдерге сүйенбеген қауесеттерге тап болды. Жорамалдар «Қазақмысты» айыптауға бағытталған сараптамалық материалдарға айналуда. Компания мұндай ақпараттарды бірнеше рет жоққа шығарған болатын», – деп хабарлады компанияның өкілі Арман Тілеукенов.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Ақтөбе облысында қызметінен кеткен әкім өлі күйінде табылды

Қарулы күштерді және әскери мекемелерді түбегейлі реформалау керек – Тоқаев

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?