«Қазақ әдебиеті антологиясы» – армян тілінде

Ереванда Армениядағы Қазақстан консулдығының қолдауымен Тұңғыш Президент күніне орай армян тілінде «Қазақ әдебиеті антологиясының» тұсауы кесілді.

Алматы, NEGE. Армениядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында армян тілінде «Қазақ әдебиеті антологиясы» жарық көрді.

Жинаққа әртүрлі бағыттағы Қазақстан жазушылары мен ақындарының, сонымен қатар 16 ғасырдан 21 ғасырға дейінгі қазақ әдебиеті классиктерінің шығармалары енген.

«Армян халқын қазақ классиктерінің қайталанбас өлең жолдарымен, біздің 16, 17, 18 ғасырлардағы ақын-жырауларымыздың әуезді шығармашылығымен таныстыру мақсатында Қазақстан мен Армения тарихында тұңғыш рет «Қазақ әдебиеті антологиясы» жинағы армян тілінде жарық көрді. Басылымның ерекшелігі – біз бір жинаққа әртүрлі жанрдағы және қазақ әдебиетінің түрлі тарихи кезеңдеріндегі әдеби шығармалар топтастырылды», – деді шара барысында Арманиядағы Қазақстан елшісі Тимур Оразаев.

 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты