Қазақ боксшылары Ресей рингінде үздік нәтиже көрсетуде

Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирдің үшінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының сапынан 9 боксшы шаршы алаңға шықты. Олардың арасынан 7 спортшы келесі кезеңге өтті.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Ерлер арасындағы кездесулерде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (67 келі) беларусьтік Даниил Титконы айқын басымдықпен жеңсе, Сағындық Тоғамбай (92 келі) ресейлік Егор Плоцынді 5:0 есебімен тізе бүктірді. Ал 60 келі салмақта Бейбарыс Жексен моңғолиялық Гонболд Даринбауфқа 2:3 есебімен жол беріп, жарыстан шығып қалды.

Әйелдер құрамасы да сәтті өнер көрсетті. Гүлнар Тұрапбай (50 келі) кубалық Стерлин Делиді, Айдана Забынбекова (57 келі) ресейлік Анастасия Павлованы, Римма Волосенко (60 келі) моңғолиялық Намул Монкхорды, Аружан Жаңабаева (66 келі) ресейлік Наталья Соколованы, ал Ұлдана Таубай (66 келі) ресейлік Анна Гударованы жеңіп, жарысты жалғастырады. Алайда, 54 келі салмақта жұдырықтасқан Әнел Сақыш Солтүстік Корея өкілі Чжон Хуанға 1:4 есебімен жол берді.

Айта кетейік, биыл халықаралық турнир он алтыншы рет ұйымдастырылып отыр. Байрақты дода 20 сәуірге дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті