Қаза тапқан құтқарушылардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі

Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» кенішінде қаза тапқан және жоғалған құтқарушылардың отбасыларына 4,5 млн теңгеден астам мөлшерде материалдық көмек көрсетілетін болады.

Фото:ғаламтордан

Алматы, NEGE. Сондай-ақ мемлекет тарапынан қаза тапқан жандардың отбасыларына асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындалады.

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Оқыс жағдайдан мерт болған 2 құтқарушының отбасына көңіл айтқан ол құтқару жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатқанын атап өтті.