KAZ Minerals шахтасында тау жынысы опырылып, жұмысшы қаза тапты

KAZ Minerals компаниясына қарасты Артемьев шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты.

Depositphotos

Астана, NEGE. Компанияның мәліметінше, 30 мамыр күні сағат 20:30 шамасында тау жынысының опырылуы салдарынан кәсіпорын қызметкері қаза тапқан.

Оқиға болған учаскедегі барлық жұмыс тоқтатылған. Қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайын анықтау үшін құзырлы органдар мен мамандардың қатысуымен тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Компания үшін оқиғаның толық мән-жайын анықтап, болашақта мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін қандай қосымша шаралар қажет екенін түсіну аса маңызды. KAZ Minerals тобының басқарма төрағасы Андрей Третьяков арнайы құрылған комиссия мүшелерімен тұрақты байланыста және оқиға орнына бара жатыр», – делінген хабарламада.

Компания марқұмның отбасына қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Еске салсақ, 9 мамырда осы шахтада жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде механик шамамен тоғыз метр биіктіктен құлап, алған жарақаттарынан көз жұмған.

Ал 27 сәуірде Орлов шахтасында тау жынысы опырылып, бір жұмысшы қаза тапса, тағы бірі жарақат алған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды