Қайрат Сатыбалдыұлынан алынған бизнес-орталық саудаға шығарылды

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Қайрат Сатыбалдыұлынан алынған Kaisar Plaza бизнес-орталығын саудаға шығарды.

facebook.com/kaisarplazaalmaty

Астана, NEGE. Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жарияланған ақпаратқа сәйкес, аукционның бастапқы бағасы – 61,5 млрд теңге, сауда-саттық барысында баға көтеріледі, ал кепілдік жарна 9,2 млрд теңге көлемінде белгіленген. 

Жалпы ауданы 63,9 мың шаршы метр болатын бизнес-орталық Желтоқсан және Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан. Ғимарат тоғыз қабаттан тұрады, ондағы үй-жайларды 53 кәсіпкер әртүрлі мерзімге жалға алып отыр.

«Ғимараттың жалпы ауданы бойынша айырмашылықтар бар: жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамада ғимараттың ауданы 63 920 шаршы метр деп көрсетілген, ал техникалық паспорттың көшірмесінде 56 480 шаршы метр деп берілген (айырмашылық – 7 440 шаршы метр).

Бұл айырмашылық (…) жалпы ауданы 2 297 шаршы метрге тең панорамалық қабаттың іс жүзінде шатыр болып саналатынына және жалпы ауданға енгізілмегеніне, сондай-ақ өлшеу мен қайта есептеу нәтижесінде жалпы ауданның 5 143 шаршы метрге қысқаруына байланысты туындаған», – делінген лот сипаттамасында.

Аукцион 7 сәуір күні сағат 10:00-де өтеді.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр