18 сентября 2025 г. 15:18

Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі болған «Байсат» базары аукционға қойылды

Фото: Яндекс карта

Қайрат Сатыбалдының ұлы Бауыржан Нұрсұлтанға тиесілі болған «Байсат» базары аукционға қойылды.

Алматы, NEGE. Қайтарылған активтерді басқару компаниясы «Байсат» көтерме-бөлшек сауда орталығын E-Qazyna порталында ашық электронды аукционға шығарғанын хабарлады. Активтерді сату қайтарылған активтерді басқару компаниясының қызметі аясында жүзеге асырылады. Сатылымнан түскен қаражат Арнайы мемлекеттік қорға бағытталып, қоғам мүддесіндегі әлеуметтік маңызы бар жобаларға жұмсалады

Аукцион 2025 жылдың 18 қарашасында, астана уақытымен сағат 10:00-де өтеді.

Бастапқы баға: 28 639 882 000 теңге.