"Қайрат" құрамасы "Реалмен" болатын ойынның билеттерін сатып жатқандарға сенбеуге шақырды

“Қайрат” футбол клубы “Реал Мадридке” қарсы Чемпиондар лигасы матчының билеттері туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа байланысты ресми мәлімдеме жасады. 

Қайрат” ФК

Алматы, NEGE. Клуб өкілдері билеттерді брондау немесе сату туралы таралған хабарландырулардың жалған екенін айтты.

“Билетке қатысты жалғыз ресми дереккөздер — клубтың ресми сайты мен “Қайрат” ФК-ның әлеуметтік желідегі ресми парақшалары. Қазір билеттің сатылымға шығу күні мен бағасы бекітілген жоқ. Жанкүйерлерден бөгде хабарландыруларға сенбеулерін және билетті бейресми арналар арқылы сатып алмауларын қатаң түрде сұраймыз”, — деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

21 наурыз – «Ынтымақ күні»

Журналист Ботагөз Омарова үйқамаққа алынды

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды