Kaspi.kz Таяу Шығыс елдерінде жүрген клиенттерге қолдау көрсетеді

Kaspi.kz Kaspi Travel арқылы тур немесе барып қайтуға ұшақ билетін сатып алып, қазіргі уақытта Таяу Шығыс елдерінде жүрген немесе сол жерде транзиттік жолаушы ретінде қалып қойған клиенттерге материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдады.

Kaspi.kz

Астана, NEGE. Сол өңірде мәжбүрлі түрде болған кезеңде Kaspi Gold-қа күн сайын материалдық көмек аударылады:

  • әр ересек адамға – тәулігіне 35 000 ₸
  • әр балаға тәулігіне – 15 000 ₸.

Kaspi.kz тұрақты байланыста болып, өз клиенттеріне қолдау көрсету үшін барлық қажетті шараны қолданады.

Kaspi.kz

Компания азаматтарды қауіпсіз жерде болып, Қазақстан Республикасының елшіліктері мен консулдықтарымен байланыста болуға шақырды.

Айта кетейік, Таяу Шығыстағы әскери-саяси ахуалдың шиеленісуіне байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарын қақтығыс аймағынан эвакуациялау жолдарын қарастыруда.

Қазір оқып жатыр

Теміржолшылар үшін қолжетімді баспана бағдарламасы басталды

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды