USD
USD
USD

СІМ қазақстандықтарды қақтығыс аймағынан эвакуациялау жолдарын қарастыруда

Таяу Шығыстағы әскери-саяси ахуалдың шиеленісуіне байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарын қақтығыс аймағынан эвакуациялау жолдарын қарастыруда.

СІМ
Фото: СІМ

Астана, NEGE. Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта қазақстандықтар арасында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

«ҚР азаматтарын қақтығыс аймағынан шығару бағыттары мен тиісті шаралар пысықталып жатыр. Азаматтарды сабыр сақтауға, жергілікті билік органдарының талаптары мен ұсынымдарын орындауға, қауіпті аймақтардан аулақ болуға және енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырамыз», – делінген хабарламада.

Қосымша ақпарат министрліктің және Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің ресми ресурстарында, сондай-ақ Kaspi Travel қосымшасы арқылы жолданады.

Қазақстанның шетелдегі мекемелері күшейтілген жұмыс режиміне көшті. ҚР СІМ-де және елшіліктерде шұғыл байланыс желілері ашылған.

Қақтығыс аймағында жүрген азаматтардың саны нақтыланып жатыр. Ал транзиттік аумақта жүргендердің нақты санын анықтау әзірге қиын.

Қазір оқып жатыр

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат