Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббты Финляндияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Финляндияның Ұлттық мерекесіне орай Президент Александр Стуббқа құттықтау жеделхатын жолдады.

Ақорда

Алматы, NEGE. Президент Финляндияның тұрақты әрі өркендеген қоғам құру жолында елеулі жетістікке жеткенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, қазақ-фин өзара тиімді серіктестігінің одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Финляндия халқына бақ-береке тіледі. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр