Кәрім Мәсімовтің аукционға қойылған зәулім үйінің құны арзандады

Бұған дейін екі рет сатылымға шығарылған зәулім сарай 1,8 миллиард теңгеге өтпей қалған еді. 

e-qazyna.kz

Алматы, NEGE. Зәулім үйді сатып алушылар табылмаған. Нәтижесінде бастапқы баға 1,6 миллиард теңгеге дейін төмендетілді.

Алғашқы жарнасы 117,9 млн теңге. Өтініштерді қабылдау 13 мамыр күні сағат 9:00–ге дейін жүргізіледі. Сол күні сағат 11:00–де сауда-саттық өтеді.

Жақында әлеуметтік желіде бұл үйді кәсіпкер Мұхтар Жәкішев сатып алғысы келеді деген ақпарат тараған болатын. Алайда ол бұл мәліметті жоққа шығарды.  Біріншіден, мұндай ақшасы жоқ екенін, екіншіден, Алматыда тұратындықтан Астанадағы зәулім сарайдың өзіне қажет емес екенін айтты. 

Қазір оқып жатыр

Арыста ағайындыларды он шақты жігіт соққыға жыққан: туыстары әділ жаза талап етеді

«Арандату болған, басы жарылған»: Әсет Матаевтың адвокаты мәлімдеме жасады

Кенжеғұл Сейітжан премьер-министрге өкпелі

Талғардағы кісі өлтіру және бала ұрлау ісі: басты айыпталушы 25 жылға сотталды