Қарапайым заттар экономикасы: отандық зауыттың тынысы кеңейді
Еліміздегі импорттық өнімдерге тәуелділіктен арылып, өзіміздің өндірісті өркендету үшін «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, кәсіпорындардың кәсібін кеңейтуге мүмкіндік беріліп отыр. Сондай тиімді тетіктерді пайдаланған отандық компаниялардың бірі – «ҚазАзот» АҚ.