Қарағандыдағы кәсіпорында екі жұмысшының қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды

30 шілдеде Қарағандыдағы кәсіпорындардың бірінде контейнерлерді түсіру кезінде екі жұмысшы көз жұмды.

magnific.com

Астана, NEGE. Қарағанды облыстық полиция қызметі бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғады. Бұл бапта абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi қозғалысы немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу әрекеті қарастырылған.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген полиция хабарламасында.

Еске салсақ, 23 шілдеде «Алтыналмас» компаниясына қарасты «Пустынное» тау-кен байыту комбинатында жұмысшы қаза тапқанын жазған едік. Оқиға сағат 11:30 шамасында кәсіпорынның өндірістік нысандарының бірінде болған. Компания мәліметінше, екінші сатыдағы ұсақтау корпусының конвейер машинисі қайтыс болған.