Қарағандыда 30 килограмнан астам есірткі тәркіленді

Қарағанды облысы прокуратурасының үйлестіруімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті аса ірі мөлшерде есірткі заттарының заңсыз айналымы фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында қала тұрғындарын ұстады.

gov.kz

Алматы, NEGE. «Күдікті тұлғалардың тұрғылықты мекенжайларын тінту барысында салмағы 30 килограмнан астам есірткі заттары табылды. Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», — деп хабаралыд прокуратурадан.

Тергеу барысы Қарағанды облысы прокуратурасының бақылауында.